RU
Ақмола облысында үйрек ұрлаған әйел бір жылға сотталып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Ақмола облысында үйрек ұрлаған әйел бір жылға сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысының тұрғыны төрт баласының қамы үшін үйрек ұрлауға барған. Заңға қайшы бұл әрекеті үшін оған қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Белгілі болғандай, қылмыс 2017 жылдың екінші қазанында болған. Көпбалалы ана қақпадан секіріп, бөтен үйден екі үйрек ұрлап кетті. Үй иесіне келтірігілген шығын мөлшері 12 000 теңгені құраған.

Сотталушы әйел кінәсін толығымен мойындап, айыппұл мөлшерін ішінара төледі. Оның айтуынша, бұл әрекетке баруға оны шарасыздық мәжбүрлеген. Төрт баласын тамақтандыра алмағандықтан ашынған ана ұрлыққа барған көрінеді.

Сот әйелдің кінәсін толығымен растап, оған бір жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарған. Алайда ол заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, көпбалалы анаға қатысты сот үкімінің шынайы немесе шартты түрде өтелетіні әлі де анықталмаған.

Сіздің реакцияңыз
13
2
6
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel