Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелін өлтіру үшін киллерге тапсырыс берген азамат жұрттың жағасын ұстатты

Опубликовано:

Ресейдің Ленинград облысында әйелін өлтіргісі келген азамат киллер жалдау үшін банктен несие алған деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

"Российская газета" басылымының мәліметіне сәйкес, қылмыскер 40 мың рубль көлеміндегі қаржыны киллерге аванс ретінде берген. Ал банкке ол жеке қажеттіліктерім үшін несие керек деп барыпты.

9 наурыз күні облыстық сот алқасы азаматты қасақана адам өлтіруді жоспарлағаны үшін кінәлі деп тауып, бес жыл қатаң режимдегі колонияда отыруына үкім шығарды.

Белгілі болғандай, 22 жастағы Санкт-Петербург тұрғыны 2017 жылы әйелін о дүниеге аттандырғысы келіп, танысына киллер іздеп жүргенін айтыпты. Ал танысы болса, оның арам пиғылын полицияға жайып салған.

Қылмыскер киллермен кездесу кезінде оған екі пышақ пен әйелінің суретін беріп, мекен-жайын хабарлаған. Оны тапсырысы үшін ақша төлеп жатқан сәтінде тәртіп сақшылары қолға түсірді.

Азамат әйелін өлтіріп, кішкентай қызын өз қамқорлығына алмақшы болған екен. Олар үйленген соң біраз уақыт тұрып, ажырасып кеткен екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1721045-jelin-ltiru-sin-killerge-tapsyrys-bergen-azamat-zrtty-zagasyn-statty/

pixel