Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақ патшам: Қазақ ақыны Назарбаевты Құдайға теңеді

Опубликовано:

Елбасы мен оның отбасына өлең арнаумен танымал ақын Балтабек Нұрғалиев Нұрсұлтан Назарбаевқа кезекті жыр шумағын арнап, президентті құдайға теңеген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Sputnik Беларусь
Фото: Sputnik Беларусь: UGC

Ақын президентке арнаған өлеңін Facebook парақшасында жария еткен.

Әділет ақ жолындай адал із бар,

Әрдайым адал ізден аламыз нәр.

Біз деген – шын бақытты Мәңгілік Ел,

Данышпан елбасымыз – Данамыз бар!

Нұрсұлтан Ұланына ырза дала,

Елменен түсті бірге күн жаңара.

Әжесі Ер есімін қойған екен –

Әлдиін әуелеткен Мырзабала.

Әжесі қойған сырын біліп тұрып,

Киелі Ер есімін үміт қылып,

Құраннан "Нұрсұлтан" деп атын берген,

Құдайдың қос есімін біріктіріп!

НұрСұлтан – ерек есім, ерен есім,

Кеңейткен Қазағының керегесін.

Танытып тағылымды тектілігін,

Еліне үлгі қылған өнегесін!

Сіңіріп салауатты дәріс дара,

Баласын баптап қосқан жарысқа да.

Бас идім Әруағыңа, Әлжан Әже,

Бас идім Әруағыңа, Әбіш Баба!!!

Жұлдыз боп әлем үшін тағдыр жанған,

Айналдым, ақ патшам алғыр жаннан.

Асылы адамзаттың нұр-атамыз

Меккеге барғанында жаңбыр жауған.

Арылтқан жанардан жас, қабақтан мұң,

Нығметін, шапағатын таратқан мың.

Нұрсұлтан деген есім біздер үшін,

Жүзінші есіміндей жаратқанның!!!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1721047-ak-patsam-kazak-akyny-nazarbaevty-kdajga-teedi/

pixel