RU
Назарбаев: Ресей халқы сайлауда дұрыс адамды таңдайтынына сенемін (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев: Ресей халқы сайлауда дұрыс адамды таңдайтынына сенемін (видео)

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев "Бірінші арнаға" сұхбат беріп, Ресейде болатын президент сайлауына қатысты пікірін және Путинмен қарым-қатынасы туралы айтып берді.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

"Екі ел басшыларының қарым-қатынасы өте маңызды мәселе. Бір-біріне деген сенім мемлекеттер арасындағы сыйластыққа алып келеді. Владимир Путин 2000 жылдары президент болып сайланған алғашқы күннен-ақ екеуміз жақсы араласа бастадық. Бүгінде тіпті, достық қарым-қатынаста екенімізді жасырмаймын.

Оның жұмысына тәнті болдым. Ол екі ел шекарасында орын алған олқылықтарды орнына қойды. Ресейді көп мемлекеттер елемей, әлемдік мәселелерді шешуге араластырмады.

Ресейді ешқайда шегеріп тастай алмаймыз. Бұл әлемдік саясатқа үлкен фактор болып саналатын, алып ядролық-зымыран елі.

Бүгінде Путин Ресейдің өз орнын бекітті. Сирия үкіметінің өтінішіне сәйкес, бұл қақтығысқа қатысу туралы шешім қабылдауы керек еді. Ресей ондағы экстремизм, терроризм сияқты әлемдік жауыздықтың көзін жоюға атсалысты", - дейді елбасы.

Сондай-ақ ол Ресейде болатын президент сайлауы туралы да пікірін білдірді.

"Мен оның адамгершілік қасиеті туралы да айта кетейін. Оны мен бәрінен жақсы білетін шығармын. Путин - айтақан сөзінде тұратын азамат. Николо Макиавелли өзінің "Государь" атты кітабында "егер халық үшін қажеттілік туындаса, патшалар айтқан уәдесін кері қайтаруға болады" дегенді айтады.

Алайда Путин олай жасамайды. Ол ойланып барып шешім қабылдайды да, онысынан ешқашан айнымайды.

Меніңше, Ресей халқы дұрыс адамды өздері таңдап, елдің болашағын жарқын ететін президентті сайлайды", - деп сөзін аяқтады ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір