RU
Америкалық бойжеткен он жыл бойы қырынып жүруге мәжбүр болған
Жаңалықтар Калейдоскоп

Америкалық бойжеткен он жыл бойы қырынып жүруге мәжбүр болған

Рассказать Вконтакте

Америкалық азаматша Нова Галаксия поликистоздық аналық бездер ауруына шалдыққан. Дерт кесірінен оның денесіне шамадан тыс шаш өсу өрби түсті деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Мектеп қабырғасында Нованы барлығы мазақ қылған. Сол себепті ол күнделікті қырынуға мәжбүр болды.

«Әрбір таңым қырынудан бастау алатын. Біреудің үйіне қонуға барғанда, ұстарамды ұмытып кетсем бірден қобалжып кететінмін. Таң ата сала, қырынуға кірісемін. Өйткені достарымның мені күлкіге айналдыруына жол бере алмайтынмын.»

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Нова 26 жасына дейін өзін жиіркенішті санайтын. Алайда махаббатын кезіктіргеннен кейін оның өзіне деген көзқарасы мүлдем өзгерді.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Нованың сүйіктісі Эштің де басқалардан өзгешелігі бар. Ол жынысы жоқтар қатарына жатады. Яғни не еркек емес, не әйел де емес.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

«Нова ерекше жан. Ал оның сақалы маған қатты ұнайды. Адамдардың бізге біртүрлі қарап, сынға алып жататыны рас. Алайда, бізге бәрібір. Бастысы біз бір-бірімізді кемшіліктерге қарамастан сүйеміз.»

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Махаббат Нованың бойына сенімділік ұялатты. Ол енді ұстараны мүлдем қолына алмайды. Өз-өзіне деген сүйіспеншілікті ояту оңай дүние емес, дегенмен ол бақытты болуға тырысып жүр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
2
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel