Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар ер адамды бедеулікке шалдықтыратын дәріні атады

Опубликовано:

Аллергияны емдеу кезінде ішілетін кейбір препарат ер адамдарды бедеулікке шалдықтыруы мүмкін. Бұл туралы Буэнос-Айрестегі Биология және эксперименталдық медицина институты ғалымдары айтты, деп хабарлайды Baq.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Зерттеу барысында ғалымдар аллергия туралы соңғы 40 жылда жазылған ғылыми жұмыстарды қарап, препараттардың жануарлар денсаулығына қалай әсер еткенін тексерген.

Нәтижесінде ғалымдар гистамин белсенділігінің төмендеуі тестостеронның бөлініп шығуына кері әсерін тигізетінін анықтады. Яғни осылайша сперматозоидтар пішіні өзгеріп, олардың белсенділігі мен мөлшері төмендеуі мүмкін.

Мамандар антигистамдық препараттар мен сперматозоидтардың бөлініп шығуының арасында қандай байланыс барын анықтап жатыр. Мұнымен қатар, биологтар мұндай препараттарды көп қолданбауға кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1721057-galymdar-er-adamdy-bedeulikke-saldyktyratyn-drini-atady/

pixel