RU
Қанат Исламның інісі кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады
Жаңалықтар Қоғам

Қанат Исламның інісі кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат "QAZAQ" Исламның інісі кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Qsport.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: qsport.kz

Фото: qsport.kz

Отандасымыз Қанат Исламның інісі Ерлан кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен бастады. Бұл туралы боксшының бапкері Сағатбек Мұсаханов өзінің инстаграммдағы парақшасында жазды.

Ол өз сөзінде: "Қанат Исламның інісі, менің шәкіртім кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ерлан Бейжіңден өткен бокс кешінде қарсыласын 2 раундта нокаутпен жеңді", – деді Сағатбек Мұсаханов.

Айта кетейік, Сағатбек Мұсаханов кәсіпқой бокстағы болашағынан үлкен үміт күттіретін Али Ахмедов, Еділ Қоамбердиев сынды боксшылардың бапкері.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
2
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір