RU
Екі теңгеден пакет сатқан шымкенттік сатушылар халықтың күлкісін келтірді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Екі теңгеден пакет сатқан шымкенттік сатушылар халықтың күлкісін келтірді (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкенттегі сауда орталықтардың бірінен азық-түлік сатып алсаң, екі теңгелік пакет ұсынады. Яғни, бұрынғыдай ақысыз пакеттер берілмейді. Мұны сауда орталығының әкімшілігі әр кассаның маңына жазып қойған деп хабарлайды NUR.KZ.

Шымкентте 2 теңгелік пакет сатқан сауда орталық қызметкерлері халықтың күлкісін келтірді.

Шымкентте 2 теңгелік пакет сатқан сауда орталық қызметкерлері халықтың күлкісін келтірді.

Бірақ бұл Шымкент тұрғындарына ұнамай қалды. Олар экологияға жанашыр сауда орталығының басшыларын әлеуметтік желіде әжуалап жатыр.

Facebook әлеуметтік желісінде оқырмандардың бірі "Полиэтилен пакетінен бас тарт! Сауда орталығы шынында да экологияға жаны аши ма? "- деп екі теңгелік пакет туралы жазылған хабарламаның суретін желіге жүктеп, көпшіліктің пікірін сұраған.

Әлеуметтік желідегі оқырмандар болса, "бұл халықты тонау " деп қарсылығын білдірген. Ал енді бірі "экологияға жан ашу, күлкімді келтірмеңдерші, бұл сауда орталықтың тағы бір табыс көзі" деп бұл әрекетті күлкіге айналдырған.

Сауда орталығының басшылығына хабарласқанымызда екі теңгелік пакеттер туралы мәлімет алдық. Айтуларынша, халық ақылы пакет сатып алса, оны қоқысқа тастауы азаяды екен. Әрі бұл экологияны тазартуға көмектеседі дейді.

Ал әлемнің 40-тан астам елі пластик пакеттерді өн­діру мен қолдануға шектеу қойып үл­герді. Бір реттік дорбаларды пайда­ла­ну мәселесінің өзектілігі артқаны сон­шалық, оларды қолдануға тыйым сала­тын заңнамалық актілер қабылдаған мем­лекеттер саны күннен күнге кө­бей­іп келеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
1
1
1
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel