RU
Сәкен Майғазиев қабырғасы құлағалы тұрған ескі шаңырағын көрсетті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Сәкен Майғазиев қабырғасы құлағалы тұрған ескі шаңырағын көрсетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Елімізге белгілі әнші Сәкен Майғазиев жарымен алғаш мекен еткен шаңырағын көрсетті. Ол осыдан 21 жыл бұрын Алматы сыртында екі бөлмелі үйді жалдап тұрған деп хабарлайды NUR.KZ.

Сәкен Майғазиев. Фото: интернет парақша

Сәкен Майғазиев. Фото: интернет парақша

Бұл жайында Майғазиевтің өзі Instagram парақшасында жазды.

«1997 жылдары осы үйде тұрғанбыз. Бауыржан, Айгүл аға-жеңгемнің қолында. Аллаға шүкір! Үш күн концерт беріп, ел-жұрттың ықыласына бөленеміз деп ойламадық. Екі қазақтың бірі таниды деген ой болмады. Тәубеге келіп, үй жағымызды көріп келе жатырмыз», - деді әнші.

Желі қолданушылары әншінің қарапайымдылығына тәнті болып, «Сондай қарапайымдылығыз,азаматтығыңыз,мінсіздігіңіз,ашық жəне үлкен жүрегіңіз қатты ұнайды!!!Алланың назарында аман болып жүре беріңіз», «Жеткен жетістігіңіз Алла берген талант, адал еңбек пен ақ жүректің арқасында ғой» деп жазды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
3
1
0
5
13
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір