RU
Шығыстықтар Венецияға айналған өңірді судан тазарта алмай әлек болуда (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Шығыстықтар Венецияға айналған өңірді судан тазарта алмай әлек болуда (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Ұзаққа созылған жауын-шашын мен қардың белсенді еруі салдарынан Шығыс Қазақстан облысын су басты. Әсіресе Аягөз ауданы қатты зардап шеккен деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: emer.gov.kz

Фото: emer.gov.kz

Тоқтаусыз келіп жатқан су кесірінен тіпті жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланған болатын.

Фото: emer.gov.kz

Фото: emer.gov.kz

Өскемендегі ауа температурасы нөлден төмен түскенімен, облыс аудандарында ауа райы әлі де жылы. Соған орай қар еру белсенді түрде жүріп жатыр деп мәлімдейді Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз мәслихаты.

Фото: emer.gov.kz

Фото: emer.gov.kz

Қазгидрометтің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында 1-11 наурыз аралығында шамамен 53,2 миллиметр жауын-шашын түскен. Бұл көрсеткіш орташа мөлшерден екі есе көп.

Фото: emer.gov.kz

Фото: emer.gov.kz

Белгілі болғандай, су басқан аудандарда арнайы желі штабтар құрылды. Зардап шеккен аудандарда апаттық-құтқару жұмыстарына мыңға жуық қызметкерлер, 286 бірлік техника, 56 жүзу құралы және 58 арнайы техника тартылған.

Фото: emer.gov.kz

Фото: emer.gov.kz

Алапат су 70 тұрғын үй, 150 аула мен 110 саяжайды бірақ басқан. Қауіпті аймақтан шамамен 400 адам эвакуацияланды. Олардың бір бөлігі Аягөз қаласындағы №6 мектеп-интернатқа орналастырылды.

Фото: emer.gov.kz

Фото: emer.gov.kz

Мұншама қатты су басуының басты себебі істен шыққан су реттегіш жүйе болса керек.

Фото: emer.gov.kz

Фото: emer.gov.kz

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір