RU
Бағлан Әбдірайымов өзінің кемшіліктері жайлы жайып салды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бағлан Әбдірайымов өзінің кемшіліктері жайлы жайып салды

Рассказать Вконтакте

«Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов өзінің бойындағы кемшіліктері жайлы Instagram парақшасында жайып салды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бағлан Әбдірайымов. Фото: Instagram

Бағлан Әбдірайымов. Фото: Instagram

Әнші өзінің бойынан табылған кемшіліктерін айтып, оқырмандарымен бөлісті. Ол Алланың бермеген дүниесін тартып ала алмайтынын түсініп, өнерге толықтай берілетінін мәлімдеді.

«Көрсе қызарлар қатырындамын ғой. Біреудің кәсібіне қызығып, айналысып та көрдім. Дөнгелек жөндеу, сто жүргіздім. Қытайға барып, заттар әкеліп саттым. Москваға барып, жеміс - жидекпен де айналыстым. Біразын айтпай ақ қояйын. Пайдасы мен қоса шығынын да көрдім. Адасып та, сүрініп те көрдім. Общым көріп жүрмін.
Түйгенім: Алланың берген өнерінен артық сый жоқ. Сол себепті өнерге толық ат басын бұрдым. Менің ортам сіздермен бірге! Сіздермен қызық. Сапалы ән айтып, мейлінше өнерге үлес қосу. Шығармашылықты шыңдау! Алда біраз жобаларым бар. Міндетті түрде бөлісе отырамын! Аман болыңыздар, талғамы биік тыңдармандарым», - деп жазды әнші.
Бағлан Әбдірайымов. Фото: Instagram

Бағлан Әбдірайымов. Фото: Instagram

Желі қолданушылары Әбдірайымовтің бастамасына сәттілік тіледі. Олар «Еркек адам шыдамды болуы керек. Сәттілік!», «Алла алдыңыздан жарылқасын», «Шығармашылық табыс тілеймін» деп жазды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
2
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір