RU
Танымал тележүргізушіні шенді ер адам көшеде ұрып кеткен
Жаңалықтар Әлемде

Танымал тележүргізушіні шенді ер адам көшеде ұрып кеткен

Рассказать Вконтакте

Әзірбайжанда танымал тележүргізуші Севиндж Джамалованы белгісіз біреу көшеде соққыға жыққан деп хабарлайды Oxu.Az порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Танымал тележүргізушіні көшеде ұрып кеткен

Танымал тележүргізушіні көшеде ұрып кеткен

Бұл туралы Севиндждің өзі желідегі парақшасында мәлімдеген.

«Сол күні ұлым Мұратты балабақшадан алып кету үшін көлігімді тұраққа қойып, көшеге шыға бергем. Сол уақытта белгісіз ер адам өзінің көлігін тоқтатып, маған айқайлап, "ұрамын" деп қорқытты. Ол көлігімді бұл жерге қоюға болмайтынын айтып, жекіп тастады.
Адамдар жиналып қалғанда әлгі еркек мені жағамнан алып, жақтан салып жіберді. Иә, бұл тал түсте, жұрттың көзінше болған оқиға. Мен полицияға шағымданып,и нәтиже күтіп оытрмын. Соңына дейін баратын ойым бар. Өзінің қалтасы мен лауазымына сенген адамның жалғыз әйелге бас салғаны несі», - деп жазады тележүргізуші.

Айта кетерлігі, Севиндж ATV и Space арналарында қызмет еткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
5
0
1
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel