Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ердоған Түркиядағы ең атақты футболшыға жігіт жолдас болды (фото)

Опубликовано:

Түрік футболшысы Арда Туран шаңырақ көтерді. Оның таңдауы Аслыхан Доган есімді аруға түскен деп хабарлайды oxu.az cайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: oxu.az
Фото: oxu.az: UGC

Белгілі болғандай, Барселона командасының бұрынғы футболшысы мен оның сүйіктісі ұзақ жылдар бойы бірге болған. Нәтижесінде махаббаттары заңды некеге ұласты.

Той-думанда жастардың ең жақын туыстары мен достары болды.

Ең қызығы Арда Туран өзінің жігіт жолдасы ретінде ел президенті Реджеп Тайип Ердоганды шақырған. Тойға ол өз жұбайы Эмине Ердоганмен бірге келді.

Фото: oxu.az
Фото: oxu.az: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1721103-erdogan-trkiadagy-e-atakty-futbolsyga-zigit-zoldas-boldy-foto/

pixel