RU
Шымкентте жалдамалы пәтерден екі өзбек азаматының мәйіті табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте жалдамалы пәтерден екі өзбек азаматының мәйіті табылды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте жалдамалы пәтерден екі адамның мәйіті табылды. Кейіннен қайтыс болған жандардың Өзбекстан елінің азаматтары екені анықталды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.

Шымкентте

Қайғылы жағдай қаладағы Республика даңғылындағы №13а үйіндегі пәтерлердің бірінде болды.

Марқұмдар бір күнге жалдаған пәтер есігін ТЖД қызметкерлері бұзып кірген. ТЖД қызметкерлерінің айтуынша, олардың мәйіті бұл жерде бір тәулік бойы жатып қалуы мүмкін.

Осы маңайдағы тұрғындар қайғылы жағдай болған пәтер күнделікті тәулікке жалға берілетінін айтады.

Бітпейтін айқай-шу мен жеңіл жүрісті қыздардың қылығына тосқауыл қоя алмаған олар өз тыныштығын бұзғандарды жазалауды сұрап, талай есікті қағыпты.

"Бұл пәтерде екі кісі өлді. Жалдамалы пәтер болғандықтан, ойдан қырдан қашқандар осында келеді. Біз осы үйде тұратын тұрғындармыз. Шаршап кеттік. Полицияға арыз жаздық. Бірақ нәтижесіз. Жалдамалы пәтер беретіндер жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, ойына келгендерін жасап отыр",- дейді жергілікті тұрғындардың бірі Ертай Есжанов.

Алдын ала болжам бойынша, жалдамалы пәтерде көз жұмған азаматтар газдан улануы мүмкін. Тергеу жүргізілуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
1
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel