Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалаулымдағы" атышулы Замира күйеуге шығудан бас тартты (видео)

Опубликовано:

«Қалаулым» бағдарламасының атышулы қатысушысы Замира тұрмысқа шығудан бас тартты. Ол бағдарламаға келген жігітті бұрын ұнатқанын, алайда қазір оған сезімі жоқ екенін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

«Қалаулым» бағдарламасының қатысушысы Замира. Фото: Instagram
«Қалаулым» бағдарламасының қатысушысы Замира. Фото: Instagram: UGC

Бағдарламаға келген қонаққа сөз бермеген Замира ойындағы сөздерін, өткен шақтағы сезімін жасырмай жайып салды.

«Алдында сіз келіп кеттіңіз ғой. Мен сізді қатты ұнатып қалған едім. Үйге барсам, мамам «Мынадай жігіт сені алатын болса, тегін беретін едім» деп айтты. Мен де сіз сияқты жігіт келсе, алды-артыма қарамай тиетін едім. Бірақ, мен сізге тие алмаймын. Алайда, сіз менің екі баламмен қарамайсыз да ғой. Маған көңіл бөлетін азамат керек. Ал сіз үш жерде жұмыс жасайды екенсіз. Маған уақыт бөле алатын адам керек. Бастапқыда қатты ұнатқаным рас», - деді атышулы келіншек.

Ал оқырмандар Замираның ісін тағы да қатаң сынға алды. «Құдай сақтасын, мынадан», «Қалаулымның жарқыраған жұлдызы ғой», «Басының жеткен жері осы ғой», «Осындай адамды ел алдына алып шығып» деп жазған оқырмандар өз наразылықтарын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1721110-kalaulymdagy-atysuly-zamira-kjeuge-sygudan-bas-tartty-video/

pixel