RU

Бүртүрлі беташар: Ерекше сәлем салған жас келін елдің ашуын тудырды (видео)

Ерекше әдіспен сәлем салған жас келін елдің ашуын тудырды. Жаңа түскен келіннің бетін жаппай, ақ матамен көлегейлеп қойған беташардың қай өңірде өткені белгісіз деп хабарлайды NUR.KZ.

Ерекше сәлем салған жас келін елдің ашуын тудырды (видео)
Ерекше сәлем салған жас келін елдің ашуын тудырды (видео): UGC

Видеода беташар айтылып, жаңа түскен келін сәлем салуда. Бірақ, қазақтың салтымен емес. Ерекше сәлемді көрген оқырмандар той иелерін сынға алды.

Жанындағы қос абысыны екі жанында сүйемелдеудің орнына матаны көлегейлеп ұстап алған. Асабаның «бір сәлем» деген сөзін жас келін де, абысындар да құлаққа ілмеген.

Желі қолданушылары «Одан да беташар жасамай-ақ қоймайсыңдар ма?!, «Болмағырдың тірлігі ғой мынау», «Естімеген елде көп деген осы», «Мынадай беташарды бірінші рет көріп тұрмын», «Бас иіп сәлем салмайтын бұл қай өңір?» деп реніштерін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1721136-brtrli-betasar-erekse-slem-salgan-zas-kelin-eldi-asuyn-tudyrdy-video.html