RU
Баян Мақсатқызы қыздарын әкесіне ешқашан қарсы қоймағанын айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Баян Мақсатқызы қыздарын әкесіне ешқашан қарсы қоймағанын айтты

Рассказать Вконтакте

Баян Мақсатқызы қыздарын әкесіне ешқашан қарсы қоймағанын мәлімдеді. Продюсер Есентаевтың қыздарымен үш ай сайын жолығып тұратынын да айтты деп хабарлады «TalkLike» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Баян Мақсатқызы қыздарын әкесіне ешқашан қарсы қоймағанын айтты

Баян Мақсатқызы қыздарын әкесіне ешқашан қарсы қоймағанын айтты

Баян Мақсатқызы өзінің бұрынғы күйеуінің ең жақсы әке екенін жасырмады.

«Баланы жақсы көрсең, оның жан дүниесі таза болады. Ол ашық болады. Ал үнемі ұяттың шекарасында ұстап, «болмайды» дегенмен өскен бала ашушаң, ызақор болады. «Сен менің алтынымсың, ақылдым» деп өсірген бала мен «Ақымақ. Дұрыс жасамадың. Мұның ұят. Олай жасауға болмайды» деп өскен баланың арасы жер мен көктей», - деді ол.
Баян Мақсатқызы қыздарын әкесіне ешқашан қарсы қоймағанын айтты

Баян Мақсатқызы қыздарын әкесіне ешқашан қарсы қоймағанын айтты

Сондай-ақ, продюсер балаға айтқаннан гөрі, іспен көрсеткен дұрыс екенін айтты.

«Мен қыздарыма өз әкелерінен артық адам жоқ екенін айтып отырамын. Анам бізге өз әкемізді құрметтеуді үйретті. Мен де қыздарыма ешқашан тосқауыл болған емеспін. Олар әкесін өте қатты жақсы көреді. Оған қолдау білдіреді. Бақытбекпен кездесуге де қарсы болған емеспін. Олар үш ай сайын жолығып тұрады.
Айсәуле мен Айару әкелеріне қарсы шыққан емес. Мен оларға «Әкелерің менің енді күйеуім емес. Онымен араласпаңдар» демедім. Керісінше, «Әкелеріңнің жанында болып, қолдау білдіріңдер» деп айтып отырамын», - деген Мақсатқызы ағынан жарылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
1
3
0
2
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel