RU
Непал әуежайында алпыстан аса жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады
Жаңалықтар Әлемде

Непал әуежайында алпыстан аса жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

Рассказать Вконтакте

Катманду әуежайына сәтсіз қонған жолаушылар ұшағы апатты болды. Оның бортында 60 аса жолаушы болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Twitter/@bishnusapkota

Фото: Twitter/@bishnusapkota

Непал билігінің хабарлауынша, орын алған апатты оқиғада көз жұмғандар бар. Марқұмдар мен зардап шеккен адамдарды құтқарушылар ұшақ қалдықтары астынан мейілінше жылдам шығарып жатыр. Табылған адамдардың нақты саны әлі белгісіз.

Бангладеш әуекомпаниясының US-Bangla ұшағы дүйсенбі күні Трибхуван әуежайына сәтсіз қонған. Нәтижесінде артынан жарылыс орын алды.

Жергілікті биліктің Би-Би-Сиге хабарлауынша, ұшақта шамамен 67 адам болған. Алайда, бүгінгі күні эвакуцияланғандар саны 17-ге ғана жетіп отыр.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Ал Непалдық My Republica ұшақ бортындағы 78 жолаушы жайлы ақпарат беруде. Олардың айтуынша, 14 адам ауруханаға жеткізілсе, 50 адам мерт болған.

FlightRadar24 сайтының мәліметіне сүйенсек, ұшақ Трибхуван әуежайына сағат 14:20 мөлшерлерінде қонған.

Айта кетейік, атаулы әуежайдағы барлық рейстер уақытша тоқтатылған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
3
2
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel