RU
Ойын кезінде алаңға жүгіріп шыққан "Ертіс" жанкүйері айыппұл арқалады
Жаңалықтар Қоғам

Ойын кезінде алаңға жүгіріп шыққан "Ертіс" жанкүйері айыппұл арқалады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан премьер-лигасы аясында өткен "Ертіс - Атырау" командаларының ойыны кезінде алаңға жанкүйер-қыз жүгіріп шықты. "Ертістің" атрибуттарымен шыққан ол, айқай салып алаңды жүгіріп өткен деп хабарлайды «NewTimes.kz» сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ

Фото: sports.kz

Фото: sports.kz

Кездесудің 40 минутында орын алған оқиғаға орай, ойын уақытша тоқтатылған. Ал жанкүйер-қызды тәртіп сақшылары шаршы алаңнан алып кетті.

25 жастағы бойжеткен өзінің бұл әрекетін командасы үшін қатты қуанғандығымен түсіндірген.

Болған жайтқа байланысты, жанкүйерді "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Сот үкімі бойынша ол 5 МРП көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

Ал полиция болса облыс тұрғындары мен қонақтарын ойын барысындағы ережелерді сақтауларын талап етіп әлек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel