RU
Көкшетауда ауқатты отбасыдан шыққан оқушының денесі гараждан табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Көкшетауда ауқатты отбасыдан шыққан оқушының денесі гараждан табылды

Рассказать Вконтакте

Көкшетауда 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол салған. Жасөспірімнің денесі гараждан табылды деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Көкшетауда ауқатты отбасыдан шыққан оқушының денесі гараждан табылды

Көкшетауда ауқатты отбасыдан шыққан оқушының денесі гараждан табылды

10 наурыз күні ата-анасы ұлының денесін тапқан. Жеткіншек ешқандай хат жазып қалдырмаған. Бастапқы өлім себебі — суицид.

Жасөспірім оқыған мектеп оқушының өлімін растады. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр, бірге оқыған сыныптастарынан жауап алынып, телефоны да тексерілетін болады.

"17 жастағы өте зерек оқушы болатын, ауқатты отбасыдан шыққан. Шығармашылық, интеллектуалдық, спорттық сайыстарға қатысатын. Ешкіммен жанжалдасып көрмепті, бұл хабарды естіп есеңгіреп қалдық, әлі сене алмай отырмыз", — деді мектеп әкімшілігі Sputnik Қазақстанға.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
8
0
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel