RU
Қытай түрмесінде жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың қазіргі жағдайы қандай?
Жаңалықтар Қоғам

Қытай түрмесінде жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың қазіргі жағдайы қандай?

Рассказать Вконтакте

Қытайда есірткі контрабандасы үшін айыпталып, сот үкімін күтіп отырған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағанбетов қорғалушысының түрмедегі жағдайы туралы айтып берді.

Қытай түрмесінде жатқан қазақ қызының қазіргі жағдайы беліглі болды

Қытай түрмесінде жатқан қазақ қызының қазіргі жағдайы беліглі болды

Заңгер еске сала кеткендей, Ақжарқын Тұрлыбай Қытай тергеу изоляторында сот үкімін күтіп отыр. Биыл наурыздың басында соңғы рет кездесу болған, сонда Ақжарқын денсаулығының бір қалыпты екенін айтып, алдағы процеске дайын екенін айтқан.

"Бұдан бөлек, тергеу изоляторында пайдалану үшін депозит алуға мүмкіндік берілді. Жіберген қаражатқа Ақжарқын қосымша азық-түлік, сусын сатып ала алады", — деп хабарлады Нұрмағанбетов Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, осы төрт жыл бойы Ақжарқынның түрмедегі жағдайын жақсартып, отанына қайтару үшін қолдан келгеннің бәрі жасалып жатыр. Сот отырысының күні әлі белгіленбепті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
5
34
1
13
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір