Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шаханов: Оразалин биліктегі басшылардың туфлиін керемет шеберлікпен жалады

Опубликовано:

Жазушылар одағының бүгін өткен 15-ші съезі дау-дамаймен аяқталды. Еліміздегі зиялы қауым өкілдері одақтың басшылығын сынға алып, Нұрлан Оразалинге "құрметті төраға" атағын да бермей қойды. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ал одақты табаны күректей 22 жыл басқарған Нұрлан Оразалинге "құрметті төраға" қызметі ұсынылуы керек болған. Алайда, әбден мезі болса керек, қаламгерлер Оразалинге ол орынды да қимай, қиғылық салды.

Әнұранмен басталып, қалыпты баяндамамен жалғасқан құрылтай орта тұсына келгенде алатайдай бүлінді. Төрт сағатқа созылған тартыста жазушылар одағының қазіргі бет-беделінен бастап, соңғы 22 жыл ішінде атқарылған жұмысқа талай сын айтылды.

"Оразалиннің үлкен еңбегі бар. Ол қандай еңбек? Нұрлан биліктегі басшылардың туфлиін керемет шеберлікпен жалады", - деді Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов.

Негізі, Нұрлан Оразалин бір ай бұрын өткен пленумде, тіпті осы құрылтай барысында да, енді сайлауға түспейтінін ескерткен. Бірақ, желдің қай бағыттан соғатынын аңғара алмаған қаламгерлер, көңілдегі күдіктерін де жасырмады.

Құрылтайда экс-төрағанының еңбегін жіпке тізіп мақтағандар да көп. Қаржыдан шашау шығармай, өз күнімізді өзіміз көрдік деп Оразалинді жерге түсірмегендер соңында оған "құрметті төраға" қызметін ұсынған. Бірақ, қаламгерлердің бұған да қарсы шығып, пікірлері қақ жарылды.

Қайта-қайта дауысқа салынған ұсыныс сол күйі аяқсыз қалды. Ал, құрылтай соңында одақтың төрағалығына бір үміткер, белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет ұсынылып, ың-шыңсыз сайланды. "Жазушылар одағының мүшкіл жағдайын көзімен көріп жүрмін" деген жаңа басшы тұралаған жұмысты қайта түлетуге уәде берді.

"Алты ай бойы жазушылар одағының қызметкерлері, ішінде өзім де бармын, біз айлық дегенді көрген жоқпыз. Шынын айтқанда тұралап қалған жазушылар одағына басшылыққа келу маған үлкен жауапкершілік жүктеп тұр", - деді Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1721190-sahanov-orazalin-biliktegi-bassylardy-tufliin-keremet-seberlikpen-zalady/

pixel