RU
ОҚО-да жеті жасар баланы жоғары сыныптағы бір топ оқушы зорлап тастады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

ОҚО-да жеті жасар баланы жоғары сыныптағы бір топ оқушы зорлап тастады

Рассказать Вконтакте

ОҚО-да жеті жасар баланы жоғарғы сыныптың оқушылары еркінен тыс зорлап келген. Бұл сұмдық оқиғаны жергілікті С-Информ газеті жазды деп хабарлайды Sn.kz. Алақандай ауылдың тұрғындарын дүрліктірген оқиға әзірге жабулы күйінде қалып тұр.

Көрнекі сурет: Открытая Азия

Көрнекі сурет: Открытая Азия

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Абай ауылында 1 сынып оқушысын көрші мектептің жоғары сынып оқушылары үздіксіз зорлап келген.

Басылымның хабарлауынша, өткен жылдың тамыз айында 7 жасар бала Ө.Жәнібеков атындағы №73 мектептің 1-сыныбына барған екен. Арада бірнеше күн өткеннен кейін оны Ж.Баласағұн атындағы №74 мектептің 7-8 сыныптарында оқитын екі оқушысы ұрып-соғып, артынша зорлапты.

Жәбірленген бала әжесімен бірге тұрады екен. Анасы ақша табу үшін Алматыға жұмысқа кеткен. Ал әкесінің кім екенін ол білмейді. Әжейдің айтуынша, 27 тамыз күні немересі үйге дене жарақаттарымен келіпті. Ол жоғары сынып оқушылары өзін тастанды үйлердің біріне алдап апарып, зорлағанын айтқан.

Бір қызығы, зорланған бала білім алатын №74 мектептің басшылығы бұл оқиға туралы ешкімге айтпауды өтініп, баланың әжесінің келісімін алған. Алайда, іс жабылған соң, ешкімнің сәбиде шаруасы болмапты.

Осылайша, зорлық көрген бала жоғарғы сынып оқушыларының тағы да қармағына түседі.

Зорлаушылар саны бұл кезде екеуден алтауға бір-ақ жеткен. Ең сорақысы, бұл жайттан №74 мектеп директорынан бастап, оның орынбасарлары, мектеп тің біраз мұғалімдері хабардар болған екен. Алайда, біле тұра ешқайсысы 7-8 сынып оқушыларын тоқтатуға әрекет жасамаған. Тек ауызша ескертумен шектеліп, ауыр қылмыстың одан әрі жалғасуына жол берген.

Басылымның хабарлауынша, мәселені журналистер көтере бастағаннан кейін ғана полиция әжейдің арызын қабылдап, қылмыстық іс қозғаған. Алайда, қозғалған істе баланы зорлауға қатысты бап жоқ. Тек, "денсаулығына орта деңгейлі зақым келтіргені үшін" деген баппен іс тергеу жүріп жатыр екен.

«С-ИНФОРМ» тілшісінің жазуынша, қос мектептің басшылары да мәселені ушықтырмай, істі жылы жауып қойғысы келіп отқан көрінеді. Мәселен, №74 мектептің директоры жергілікті мәслихат депутатының келіні дейді басылым өкілдері. Сондай-ақ, басшы әйелдің қайынағасы ОҚО Ішкі істер департаментінде үлкен лауазымдардың бірінде отыр екен.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
37
26
76
17
2
11
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel