RU
13 наурызда еліміздегі ауа райы қандай болмақ?
Жаңалықтар Қоғам

13 наурызда еліміздегі ауа райы қандай болмақ?

Рассказать Вконтакте

13 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа-райы сақталып, көп өңірлерде жауын-шашын болады деп хабарлайды "Қазгидромет"-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

13 наурызда еліміздегі ауа райы қандай болмақ?

13 наурызда еліміздегі ауа райы қандай болмақ?

Синоптиктердің болжауынша, кей өңірде жауын-шашын түсіп, оңтүстік өңірде қатты нөсер жаууы ықтимал. Еліміздің батысында күн жауын-шашынсыз, ашық болады.

Сонымен бірге елдің басым бөлігінде тұман болып, жел екпіні 15-20 м/с-ге күшеюі мүмкін.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Қарағанды облыстарында тұман түсіп, жел 15-20 м/с-ге дейін күшеюі ықтималдылығы бар.

Сондай-ақ Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасынмен соғып, желдің жылдамдығы 18 м/с-ге жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге күшеюі күтіледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір