RU
Қостанай облысында анасы туған ұлын пышақтап өлтірді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қостанай облысында анасы туған ұлын пышақтап өлтірді

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысында туған ұлын пышақтап өлтірген анаға қатысты қылмыстық іс сотта қаралды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қостанай облысында анасы туған ұлын пышақтап өлтірді

Қостанай облысында анасы туған ұлын пышақтап өлтірді

Облыстық соттың баспасөз хатшысының хабарлауынша, бұл жайт жаңа жыл күні таңертең орын алған.

1 қаңтар күні 25 жастағы жігіт анасынан ішімдікке ақша сұраған. Алайда әйел оның бұл өтінішін орындамаған. Қатты ашуланған жігіт туған анасына тап беріп, әйел қорғану үшін қолындағы пышақты ұлының қолын жарақаттаған.

Жігіт анасын екі қолынан ұстап, оны тоқтатпақ болған. Алайда әйел жанжалдасуын тоқтатпай, қолындағы пышақты бар күшімен ұлына салып алған. Жігіт оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Қостанай тұрғынына қатысты қылмыстық іс ауданаралық мамандандырылған соттың қарауына келіп түскен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
4
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel