RU
Ақтөбеде әкімдікте қайтыс болған полицейдің өліміне қатысты жаңа дерек шықты
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде әкімдікте қайтыс болған полицейдің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде қайтыс болған полицей Бәйбек Қарымсақовтің ісіне қатысты жаңа деректер пайда болды. Бұған дейін қалалық әкімдік аумағында 34 жастағы ер адам өзіне өзі қол салған деген ақпарат тараған еді. Алайда құқық қорғаугы Сәлім Отен бұл суицид емес, кісі өлтіру екеніне сенімді деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтөбеде әкімдікте қайтыс болған полицейдің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Ақтөбеде әкімдікте қайтыс болған полицейдің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 34 жастағы қызметкерінің өлі денесін 8 қаңтар күні кешке қалалық әкімдіктің бақылау-өткізу пунктінен тауып алған еді. Келесі күні ол өзін өзі табельдік қарумен басына атып0 суицид жасады деген ақпарат тараған.

Алайда құқық қорғаушы Сәлім Отен арнайы Ақтөбеге келіп, адвокат жалдап, оқиға болған жерді өзі қарап шыққан. Оның айтуынша, қылмыс орнынан өзіне өзі қол салудың ешқандай белгілері жоқ. Мысалы, қарудың оғы табылмаған, сонымен бірге оқ траекториясына қатысты да көптеген жауабы жоқ сауалдар бар, дейді ол. Сондықтан ол бұл жерде қасақана кісі өлтіру дерегі де болуы мүмкін деп отыр.

"Еш жерде қанның ізі жоқ. Үстелдің үстінде жатыр дейді. Алайда еденде де қан болуы керек еді. Сосын, егер оқ мына жақтан кірсе, онда міндетті түрде қан болады", - құқық қорғаушы Сәлім Отен.
Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
7
0
3
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір