RU
Ақмола облысында еске алуға арналған аста алпысқа жуық адам уланып қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақмола облысында еске алуға арналған аста алпысқа жуық адам уланып қалды

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысының Шортанды ауданында 58 адам астан ұшынды. Олар осыдан 5 күн бұрын аудан орталығындағы дәмханалардың бірінде еске алуға арналған аста бірге болған деп хабарлайды 24.kz.

Ақмола облысында садақаға келген алпысқа жуық ада

Алдын ала болжам бойынша, зардап шеккендер еттен уланған болуы мүмкін. Себебі жиынға әкелінген ет бір күн бұрын әзірленіп, түні бойы антисанитариялық жағдайда үй ішінде сақталған екен.

Уланған адамдардың көбі Шортанды ауданынан, қалғаны Астрахан ауданы мен Астана қаласынан келген. Алайда олардың тек 15-і ғана өз беттерінше дәрігерге жүгінсе, қалғандарын мамандар арнайы тексеріс барысында анықтады.

Қазір оқиға орнында зерттеу жүргізіліп жатыр.

"58 науқастан қазір ауыр жағдайда жатқан ешкім жоқ. Барлығы жеңіл жағдайда түсті. Барлық науқастардың шағымдары етті қабылдауға байланысты болып табылғандықтан, біз етті пісіру, оны қайда сақтау. Қоғамдық тамақтану орнына қалай әкелінді. Сынамалар алынды. Әзірге кім кінәлі деп айту әлі ерте. Зерттеу нәтижесі бәрін көрсетеді", - облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім жетекшісі Әсем Төлеубаева.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
2
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel