RU
Топан су басты: Аягөзде ішінде жолаушысы бар көліктер су бетінде қалқып жүр
Жаңалықтар Қоғам

Топан су басты: Аягөзде ішінде жолаушысы бар көліктер су бетінде қалқып жүр

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз ауданында төтенше жағдай жарияланды. Мұнда тосыннан келген топан су бірнеше үйді шайып кеткен. Соның салдарынан 300 адам қауіпсіз аймаққа көшіріліп, жұрттың дүние-мүліктерінің барлығы жарамсыз күйге түсті деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Топан су басты: Аягөзде ішінде жолаушысы бар көліктер суға ағып жатыр

Топан су басты: Аягөзде ішінде жолаушысы бар көліктер суға ағып жатыр

Аягөзде қас-қағым сәтте 40 баспана белуардан келетін суда қалған. Үйдің ішіндегі дүние-мүлік қалқыған қайық тәрізді. Тіпті, қызыл судың ағыны қатты болғаны соншалықты, жолдағы көліктерді ішіндегі жолаушыларымен қоса ағызды.

Құдай сақтап, қарқыны қатты тасқыннан адамдар зардап шекпеген. Әйтсе де, жұрт баспана ішінде қалған жеке бас құжаттарын да алмастан су кешіп қашуға мәжбүр болыпты.

Ал өздігінен кете алмаған тұрғындарды трактордың қалағына отырғызып тасыған екен. Енді олар сары балшықтан тұрғызылған баспаналары шайған топан суға шыдас бермей құлай ма деп алаңдаулы. Өйткені аулаға кірген суды дер кезінде тазартып үлгере алмай жатыр.

Облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, көшірілген 300 адам жергілікті екі мектепке орналастырылған. Қазір зардап шеккендер қажетті заттармен толық қамтамасыз етіліп жатқан көрінеді. Сондай-ақ, су алған аймақтар тазартылып, өзеннің жағасы иннерттік материалдармен бекітілуде.

«Қазгидрометке» сілтеме жасаған құтқарушылар жаңбыр жауып, су тасқыны әлі де болатынын ескертуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
3
6
9
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel