RU
Елімізде әскерге шақырылған жігіттердің жүйкесі тозған болып шықты
Жаңалықтар Қоғам

Елімізде әскерге шақырылған жігіттердің жүйкесі тозған болып шықты

Рассказать Вконтакте

Биыл әскер қатарына шақыртылған жастардың төрттен бірі жарамсыз. Ел қорғайды деген жастардың көбі ауру-сырқаулар: омыртқасы қисайған, жүйкесі тозған немесе көзі көрмейтіндер көп. Ал Қорғаныс министрлігі "әскеріміз сапалы, ешкім әскерден қашпайды" деп өздеріне шаң жуытпайды. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабаралйды.

Елімізде әскерге шақырылған жігіттердің жүйкесі тозған болып шықты

Елімізде әскерге шақырылған жігіттердің жүйкесі тозған болып шықты

Жалпы биыл әскер қатарына шақырылған жастардың саны 35 мыңнан асады. Соның 17 мыңнан астамы осы көктемде әскерге баруы керек. Бірақ, олардың нақты саны тек медициналық тексеруден кейін ғана белгілі болмақ. Өйткені, денсаулық жағдайына байланысты қалып қоятындар аз емес көрінеді.

Тексерістен аман өткендері - біздің әскеріміздің отыз пайызын ғана толтырады екен. Өйткені, әскеріміздің 70 пайызы кәсіби жауынгерлермен жасақталып қойған. Ал ондағы бір сарбазды жылдық қамтамасыз етуге 1 миллион теңгеден астам қаржы жұмсайды. Ал биылға шамамен 60 миллиард теңге арналып оытр.

"Сержанттар мен қатардағы жауынгерлердің құрамы 70 пайыздан астамы кәсіби, нағыз әскери мамандармен жасақталса, 30 пайызына дейін біз мерзімді әскери қызметке шақырылатын жастармен толықтыру жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Демек, біздің әскеріміз нағыз кәсіби, жоғары деңгейде дайындалған жақсы мамандандырылған әскер болғандықтан, жылдағы келетін жастарымыз 30 пайыз", - дейді Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Ғани Артықов.

Алайда, жігіттердің денсаулығын тексере келгенде кем дегенде төрттен бірі әскер қатарына жарамайтын болып шығады екен. Солардың арасында ең көп кездесетіні - хирургиялық аурулар болып отыр. Атап айтқанда, омыртқалары қиық болып шығады. Немесе сүйектері сынып, онысы дұрыс бітпей қалғандары да жетерлік екен. Терапиялық аурулар да аз емес.

Қолына қару алып, ел қорғағысы келетіндердің біразының жүйкесі сыр берген, миы шайқалған. Онысын әскери бөлімшеде медициналық тексеруден өткенде бір-ақ біліп жатады дейді мамандар.

Әйтсе де әскерге барғысы келетіндер саны азаймай отыр екен. Мәселен, бір Қарағанды облысының өзінен биыл мың жарым жас өрім аттанғалы отыр. Бұл меже жыл сайын сақталып келеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
4
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір