RU
Қытайлықтар 1,5 млн долларға әлемдегі ең биік шыны көпір салған
Жаңалықтар Әлемде

Қытайлықтар 1,5 млн долларға әлемдегі ең биік шыны көпір салған

Рассказать Вконтакте

Қытайлар елдегі жаяу жүргіншілерге арналған ең биік шыны көпірді ашты. Ол теңіз деңгейінен 1980 метр биіктікте бой көтерген деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қытайда ең биік шыны көпірі

Қытайда ең биік шыны көпірі

Қытай орталық телевизиясының ақпараты бойынша, көпірдің ұзындығы – 198 метр, ал ені – 2,5 метр. Таңғаларлық құрылыстың жалпы құны шамамен 1,5 миллион доллар.

Көпір едені шыны болғандықтан, 186 метр биіктіктен аяқ астындағының барлығын еркін тамашалауға болады.

Көпір биіктігі 66 қабатты алып ғимаратқа тең келеді. Көпірді салған азаматтардың айтуынша, ол бір уақытта 2 мыңға жуық адамды көтере алады. Алайда, қауіпсіздік мақсатында көпірде бір уақытта тек 500 адамның жүруіне рұқсат етіледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
2
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір