Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баян да қорқады": Әсел Сәдуақасова өз өмірі туралы фильмді жарыққа шығарды

Опубликовано:

Танымал әнші, продюссер әрі актриса Әсел Садуақасова көрермендерге мектеп кезіндегі өзін бейнелейтін «Кластастар» фильмін ұсынды. Басты рөлді сомдаған әнші NUR.KZ тілшісіне фильм туралы айтып берді.

Әсел Сәдуақасова
Әсел Сәдуақасова: UGC
«Кластастар» комедия жанрында түсірілген фильм. Көрерменге жеңіл әрі қызықты болсын деп түсірдік. Адам өміріндегі ең қызықты әрі бағалы уақыт мектеп кезі деп ойлаймын, сондықтан жаңа туынды баршаңызға ұнайды деген ойдамын», - деп бастады сөзін продюссер.

Киноның режиссері - жақында ғана көрерменге жол тартқан «Сиситай»-ды түсірген Ернар Нұрғалиев. Ернармен алғаш рет жұмыс жасап отырған Әсел продюссер ретінде ешнәрсеге, әсіресе режиссердің ісіне араласпайтынын айтты.

Әсел Сәдуақасова
Әсел Сәдуақасова: UGC

Актерлерді де режиссер өзі таңдаған. Ал басты рөлдегі кейіпкерді Әселдің өзі сомдаған. Оның айтуынша, өзі түсірген фильмдерде басты рөлде әзірге Сәдуақасова өзі ғана ойнайтын болады.

«Кинода мектептегі Әсел көрсетілген, бұл образ маған өте жақын болды, мен де сыныпта староста болғанмын, геометрия, алгебра пәндерін сүйіп оқитынмын. Айырмашылығы - мен мұғалім емес, басқа жолды таңдадым», - дейді актриса.
Әсел Сәдуақасова
Әсел Сәдуақасова: UGC

«Наурыз айында қазақстандық кино-қоржын бірнеше туындылармен толыспақ, бәсекелестік болары сөзсіз. «Кластастар» шығындарды толықтай өтей алады ма?» ,- деген сұраққа Әсел ағынан жарыла жауап берді.

«Әрине алдын-ала бірдеңе деу өте қиын. Дегенмен қорқыныш бар. Тіпті менен гөрі тәжірибесі мол Баян да қорқады. Сондықтан жақсылықтан үміттенемін», - дейді ол.
Әсел Сәдуақасова
Әсел Сәдуақасова: UGC

Сонымен қатар, актриса алдағы уақытта жаңа жобаны қолға алатынын айтты. Бұл жолы Әсел өзін басқа жанрда байқап көрмекші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1721241-baan-da-korkady-sel-sduakasova-z-miri-turaly-filmdi-zarykka-sygardy/

pixel