RU
"Несие жауып, көлік мінесің": Кореяда жүрген қазақ жігіті өз шындығын айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Несие жауып, көлік мінесің": Кореяда жүрген қазақ жігіті өз шындығын айтты

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Корея елінде еңбек етіп жүрген қазақ жігіті көпшіліктің жүрегін елжіретті. Ол Қазақстандағы отандастарына өз шындығын айтып, видео-мәлімдеме жасаған деп хабарлайды Ernur.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

короея

Онда жас жігіт қазіргі таңда Корея елінде алты мыңдай қазақтың еңбек етіп жатқанын тілге тиек еткен.

«Қазақтың Кореяда алты мыңы,

Ешқашан шығармаңдар естен мұны.

Бес жүз мыңнан салғанда әр ай сайын,

Бюджеттің үш млрдқа өскендігі», - деп сөзін бастаған жігіт өзі секілді қазақстандықтарды шетелде жүр деп сынның астына алатындарға да жауап қатады.

Ол өз сөзінде сыртта жүрген адам елдің, Отанның қасиетін жақсы білетінін алға тартқан.

Мұнан соң ол Оңтүстік Кореяда жүрген талай қазақ баласы несиелерін жауып, тіпті көлік мініп жүргенін де сөз еткен.

«Корея дамыған деп білетін жер,

Самолетпен, кемемен кіретін жер.

Кредит төлеп жүргендер жауып тастап,

Жаяу келген машина мінетін жер.

Қазақтың керемет бір мақалы бар

Біліп алсын сырттан сынап жүретіндер

Есектің артын жуып мал тап деген

Осында жүр сол сөзді білетіндер», - деп ойын түйеді жігіт.

Желіде тарап кеткен видеоролик ел арасында қызу талқыға түсіп, көпшіліктің қолдауына ие болды.

«Жарайсың, бауырым», «Неткен керемет», «Дұрыс айттың», «Өте дұрыс та орынды айтқан екен. Біздің айлық басымызға тартсақ аяғымыз ашылады, аяғымызды жапсақ, басымыз ашылып қалады» деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
0
1
13
2
181
13
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel