RU
Ресейліктер «Astana Arlans» боксшыларын жеңген отандастарын күлкі қылды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ресейліктер «Astana Arlans» боксшыларын жеңген отандастарын күлкі қылды (видео)

Рассказать Вконтакте

Ресейлік «Patriot Boxing Team» мен қазақстандық «Astana Arlans» боксшыларының арасында өткен WSB қорытынды матчындағы төрешілердің жеңісті Ресейден келген спортшы Шигабутдин Алиевке беруі комментатрорлардың таңданысын тудырды деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеодан скриншот: youtube.com

Видеодан скриншот: youtube.com

"Патриоттықтар" 5:0 есебімен жеңіске жетті. Алайда бұл жеңіс төрешілер мен коментаторлардың, тіпті жанкүйерлердің де ызасын келтіргені анық. Қазақстандық Нұрсұлтан Аманжолов пен ресейлік Шигабутдин Алиевтің жекпе-жегі барысында, Қазақстан спортшысы қарсыласын нокаутқа құлатқанына қарамастан, ұпай саны бойынша жеңіліп қалды.

Комментатор Алиевтің нокаутқа түскенін қайталап жатқан сәтте төреші алты секунд бойы оны көтеруге тырысып, тек содан кейін ғана есептеуді бастады. Нәтижесінде, қорытынды есеп бар халықты таңғалдырды.

"Қызыл бұрыш? Жо-оқ, бұл таза нокаут болды. Төреші 5-6 секунд бойы оны көтеруге тырысты... Содан кейін ғана санауды бастады...", - деп күлді комментатор.

"Иә, бұл бір қызық есеп болды. Жарайда, болған іс болды", - деді оның әріптесі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
28
0
3
2
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір