RU
Мәдина Сәдуақасова не үшін моңғол тілін үйрене бастады?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мәдина Сәдуақасова не үшін моңғол тілін үйрене бастады?

Рассказать Вконтакте

Елімізге белгілі әнші Мәдина Сәдуақасова ән сапармен Моңғолияға аттанды. Ол шетелде ән орындау үшін арнайы моңғол тілін үйренген деп хабарлайды «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мәдина Сәдуақасова. Фото: Instagram

Мәдина Сәдуақасова. Фото: Instagram

Мәдина Сәдуақасова мен Ұшқын Жамалбек күні ертең Моңғолия төрінде үлкен кеш өткізеді. Әнші моңғол тілінде «Сәлем», «Құттықтаймын», «Рахмет» деген сөздерді жаттап алған.

Олар бір ай бойы студияда үздіксіз дайындалған. Тіпті моңғол тілінде ән үйренбек болған.

«Біз моңғол тіліндегі әндерді көшіріп алдық. Тіпті арнайы адам жалдамақшы болдық. Тілді үйренеміз деп ойлағанбыз. Бірақ, қиын тіл екен», - деді Сәдуақасова.

Айта кететіні, бұл ән сапардың соңы әлемдік турнеге айналуы мүмкін. Мәдина Сәдуақасованың Моңғолияда кеш өткізетінін естіген қытайлық қандастарымыз да тілектерін білдіріпті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
1
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір