RU
Әли Оқапов клубта құшақтасып билеген қызын еске түсіре алмады (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әли Оқапов клубта құшақтасып билеген қызын еске түсіре алмады (видео)

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана түнгі клубта қызбен құшағы ажырамай билеген сері жігітті көпшілік Әли Оқапов деп ойлаған болатын. Видеоны көрген әншінің өзі құшағындағы қызды есіне түсіре алмаған деп хабарлайды «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әли Оқапов. Фото: Stan.kz

Әли Оқапов. Фото: Stan.kz

Алайда желіге тарап кеткен видеоағы азамат «Қалаулым» бағдарламасының қатысушысы болып шыққан еді.

«Сөздің шыны керек мен өзім ойлап қалдым «мен бе мынау» - дегендей. Өйткені қатты ұқсайды. Мойындаймын. Бірақ еске түсіре алмадым, сол кешті. Яғни, қай жер екендігін, қай қыз екендігін. Барлығы да мүмкін ғой. Мүмкін ескі видео шығар. Мүмкін мектеп кезіндегі. Мысалы біз мектеппен бірге клубтарды жалдап, өзіміз ғана дискотека ұйымдастыратынбыз. Мүмкін бір презентация шығар. Әрине болып тұрады», - деді әнші.

Өзі емес екеніне нақты көзі жеткен Оқапов видеоны желідегі парақшасына жүктеген. Осыдан кейін ғана оқырмандар оқиғаның мән-жайына көзі жетіп, әншіге кешірім беріпті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel