RU
Гүлзира Айдарбекова келінімен дүкен аралағанын айтып, мақтанды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Гүлзира Айдарбекова келінімен дүкен аралағанын айтып, мақтанды (фото)

Рассказать Вконтакте

Гүлзира Айдарбекова қос келінін қызындай көріп, олар жайлы ақпаратпен Instagram парақшасында жиі бөліседі. Бұл жолы Қайрат Нұртастың анасы үлкен келіні Жұлдызбен дүкен аралағанын айтып, мақтанды деп хабарлайды NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова. Фото: Instagram

Гүлзира Айдарбекова. Фото: Instagram

Продюсер бұл жайында желідегі парақшасында бөлісті.

«Келініміз екеуіміз бүгінгі күнді бірге ас іштік. Дүкендерді аралап, біраз бір-біріміздің көңілімізді көтеріп, сырласып жүріп қайтайық дегеніміз ғой. Күнде күйбең тірлікпен, уақыт жоқ десек жоғала беретін сыңайлы. Өтіп бара жатқан өмір-ай десеңші. Кеше ғана үлбіреген 18 жастағы қыз еді. Бүгінде төрт баланың анасы. Әңгімемізде, ойымызда бір жерден шығады. "Келін ененің топырағынан" деген рас екен. Әрбір іс әрекетіне қарап, өзім туып алғандаймын. Алла басына бақ берсін, құлынымның», - деп жазды Айдарбекова.

Қайраттың анасы қос келінінің әр әрекетін көпшілікпен бөлісіп, ене мен келін мәселесінде жиі ақыл беріп отыратындар қатарында.

Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің жұбайымен қалай танысқандары жайлы айтып берген болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
29
7
5
3
2
16
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel