RU
Өз жерін қазақтарға тегін бергісі келген алматылық азамат елді тәнті етті
Жаңалықтар Қоғам

Өз жерін қазақтарға тегін бергісі келген алматылық азамат елді тәнті етті

Рассказать Вконтакте

Абзал Молдабек есімді азамат өз атындағы жерді бір қазаққа тегін беретінін айтып, желіні шуалтты. Оның жазбасын жүзге жуық адам бөлісіп, көпшілігі алғысын жаудырған деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазаққа тегін беремін: Мұқтаж жанға жер сыйлауға дайын азамат елді тәнті етті

Қазаққа тегін беремін: Мұқтаж жанға жер сыйлауға дайын азамат елді тәнті етті

"Ағайын! Өз атымдағы 8 соток жерімді бір қазаққа тегін беремін! Шартын дұрыстап оқып алыңыз!

Осы жазда ең болмағанда іргетасын қалауға шамасы келетін адам болу керек. Алматы облысы, Талғар ауданы, Нұра ауылында. Үйлер салынып жатыр, балалар оқитын мектебі бар. Саяхат автобекетінен 45-50 минуттық жер.

Тек сол жақта болашақта тұратын адамға ғана беремін. Барлық құжатын жасап қойғанмын. Алатын адам құжаттарын заңгердің көзінше тексеріп алса болады", - деп жазған ол өз нөмірін де қалдырыпты.
Қазаққа тегін беремін: Мұқтаж жанға жер сыйлауға дайын азамат елді тәнті етті

Қазаққа тегін беремін: Мұқтаж жанға жер сыйлауға дайын азамат елді тәнті етті

Абзалдың бұл жазбасын 400-ден аса адам ұнатып, барлығы оған ризашылығын білдірген.

Жомарттық танытқан жігіттің ниетіне сүйсінген жұрт жердің мұқтаж жанға бұйыруын тіледі.

Пікір қалдырғандардың арасында "мен алайын" дегендер де табылып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
0
3
4
54
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel