RU
Әблязов ашып алған қозғалыс экстремистік ұйым деп танылды
Жаңалықтар Қоғам

Әблязов ашып алған қозғалыс экстремистік ұйым деп танылды

Рассказать Вконтакте

"Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы экстремистік ұйым деп танылды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратура өкілі мәлім етті деп жазады NUR.KZ.

Фото liter.kz

Фото liter.kz

"Бас прокуратура "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының тіркелмей, заңсыз әрекет жасап отырғанын анықтады.

Әблязов халықтың түрлі топтарын "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысына қатысуға шақырған. Ол қоғамда басшылыққа қарсы пікір қалыптастырып, наразылық көңілін тудырған.
Осылайша, әлеуметтік дұшпандылық отын тұтатуды көздеген. Әблязов пен оның жақтастарының негізгі мақсаты - өкіметті құлатып, оны жаулап алу", - дейді бас прокуратураның ресми өкілі Оксана Лоскутова.

Оның айтуынша, аталған әрекеттер саяси экстремизм ретінде танылып, елдің қауіпсіздігіне қарсы әрекет болып саналады.

"Бүгін Астана қаласының Есіл аудандық соты аталған мәлімдемені толық қанағаттандырды. Яғни "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы экстремистік ұйым деп танылып, Қазақстан республикасы аумағында тыйым салынады.
Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация желілері, әлеуметтік желілер, мессенджерлер мен видеохостинг арқылы ақпараттық материалдарды таратып, қолдануға болмайды", - деді Локсутова.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
25
0
11
3
2
8
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel