RU
Бір баламды төртеу етті: Салтанат Бақаеваның енесі келініне ризашылығын білдірді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бір баламды төртеу етті: Салтанат Бақаеваның енесі келініне ризашылығын білдірді

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана үшінші сәбиін дүниеге әкелген Салтанат Бақаеваға енесі дән риза. Бұл жайында "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Салтанат Бақаева. Фото: Instagram

Салтанат Бақаева. Фото: Instagram

Үшінші сәбиін бауырына аман-есен басқан Салтанат Бақаеваның қуанышында шек жоқ. Қыз күткендерін жасырмаған жұбайлар, ұлдарының есімін қойып үлгермеген. Ал әншінің енесі келініне дән риза.

«Бәрін құттықтап жүрмін. Бірақ, Салтанатқа ерекше рахмет айтқым келеді. Себебі, менің екі қызым және жалғыз ұлым бар. Ал қазір сол балам төртеуге айналды. Бәрі келінімнің арқасында», - деді әншінің енесі.

Нәрестеге азан шақырып, ат қоюға әншінің отбасы асығар емес. Өйткені, алғашқы сәбилерінің есімін ата-енесі қойыпты. Ал қазір нағашы жұрты қолқа салып жатыр екен.

«Екі баламның есімін ата-енем, күйеуіммен отбасы болып қойған едік. Енді үшінші сәбиіме нағашылары қолқа салуда. «Біз де қояйық та» деген секілді. Арабтан, түріктен алынған есім емес, таза қазақы есім қойғымыз келеді. Мүмкін жеребе тастармыз», - деп сөзін аяқтады әнші.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
0
4
3
42
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір