RU
Осы аптада жерге қауіпті үш магниттік дауыл жақындап келеді
Жаңалықтар Әлемде

Осы аптада жерге қауіпті үш магниттік дауыл жақындап келеді

Рассказать Вконтакте

Жер шарын бірден бірнеше магниттік дауыл қоршамақ. Бұл туралы Америкалық ұлттық зерттеу басқармасы айтты деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі сурет желіден алынды

Көрнекі сурет желіден алынды

Мұхит және атмосфералық зерттеу басқармасының айтуынша, күн жарқылы есебінен ғарышқа анағұрлым көп күн плазмасы шашылады. Бұл құбылыс жер магнитосферасының ауытқуына әкеп соқтырмақ.

14-17 наурыз аралығында магнитосфераға бағытталған кішігірім дауылдар орын алса, артынан бірден үш дауыл келіп қосылады. Алайда, әзірге олардың әсер ету күші бес баллдық жүйе бойынша ең төмеңгі көрсеткішке ие болып отыр.

Магниттік дауылдардың жерге жақындай түсуі энергетикалық жүйеге тек шамалы кедергі ғана келтіреді дейді ғалымдар.

Энергетикалық деңгейде үлкен зардап әкелмейтін бұл құбылыстың жаман тұстары да бар көрінеді. Мәселен, терапевтердің айтуынша гипертония мен жүрек ауруына шалдыққандарға дауылдар ерекше әсер етпек. Дауылдар жақындай түскен сәтте, жүрек немесе бас ауруын себеп етіп келушілер саны арта түседі.

Көрнекі сурет желіден алынды

Көрнекі сурет желіден алынды

Дәрігерлердің айтуынша магниттік дауылдан құтқарылу мүмкін емес, алайда оның әсер жеңілдетуге әбден мүмкіндік бар. Бар болғаны жүрекке аса үлкен салмақ түсірмеу.

Мұндай кезде моншаға түсіп, ұйқы нормасын сақтап қана қоймай, физикалық жаттығуларды мейілінше аз жасау керек. Оған қоса майлы тамақтардан, ішімдіктер мен темекіден бас тарту өзінің жақсы септігін тигізбек.

Күннің шамадан тыс белсенділігі ауа-райына ешқандай әсер етпейді. Күн жарқылдарының көрсеткіші әлсіздеу болғандықтан, олар ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшеріне мүлдем өзгеріс әкелмеуі керек дейді ғалымдар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
3
4
5
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір