RU
Қазақ балуаны әлемдік рейтингте көш бастап келе жатыр
Жаңалықтар Әлемде

Қазақ балуаны әлемдік рейтингте көш бастап келе жатыр

Рассказать Вконтакте

Еркін күрестен үш дүркін Азия чемпионы атанған Дәулет Ниязбеков Халықаралық күрес ұйымының жаңартылған рейтингінде ең үздік балуандардың көшін бастады деп хабарлайды Vesti.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазақ балуаны әлемдік рейтингте кқш бастап келе жатыр

Қазақ балуаны әлемдік рейтингте көш бастап келе жатыр

Жақында ғана Бішкекте өткен Азия чемпионатында қарсыластарын қоғадай жапырып, Азияның үш дүркін чемпионы атанған Дәулет әлемдік рейтингте де үздіктер қатарының көшін бастады.

65 келіге жаңадан ауысқан отандасымыз 26 ұпай жинап, әлемдік рейтингте 1 орынға жайғасты.

Отанасымызға Бішкекте өткен Азия чемпионатының финалында есе жіберген жапондық Такатани екінші орынға жайғасса, өзбек балуаны Темуржог Усмонохунов үздік үштікке табан тіреген.

Айта кетейік, еркін күрес шеберлерінен жаңартылған рейтингте Жандос Исмаилов 57 келіде 4 орында, Нұрислам Сана 61 келіде 2 орында, Данияр Қайсанов 74 келіде 5 орында және Әділет Дауланбаев 92 келі салмақта 3 орында тұр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel