RU
Ақтөбелік жігіт жүкті келіншегінің ішінен тепкілеп, сәбиін өлтіріп тастаған
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік жігіт жүкті келіншегінің ішінен тепкілеп, сәбиін өлтіріп тастаған

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде 20 жастағы келіншектің шала туған нәрестесі шетінеп кетті. Альбина Нарбекова сәбиінің өліміне күйеуін кінәлап отыр. Айтуынша, жолдасы оны аяғы ауыр болғанына қарамастан, үнемі ұрып-соққан деп хабарлайды Kerek-info-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтөбелік келіншек күйеуінің кесірінен баласынан айрылып қалды

Ақтөбелік келіншек күйеуінің кесірінен баласынан айрылып қалды

Альбина Нарбекова Өзбекстанның Қарақалпақстан республикасында дүниеге келген. Осыдан алты жыл бұрын ол ата-анасымен Ақтөбеге көшіп келіпті. 19 жасында тұрмысқа шыққан ол отбасылық өмірінің жақсы басталғанын айтады.

Алайда кейін күйеуі әр нәрсені сылтауратып, жиі қол көтере бастаған. Тіпті аяғы ауыр болғанына қарамастан, соққыға жыққан көрінеді.

"Біз жұмыс істеп жүріп таныстық. Жеті ай жүріп, отбасын құрдық. Бәрі бастапқыда жақсы басталған еді. Тұрмысымыз нашар болды. Жақсы көргендіктен, бәріне шыдадым, көндім", - деген келіншек күйеуінің үш айдан кейін баланы алдыртып тастауын сұрағанын айтты.
"Енеме бастапқыда айлығымды беріп тұрдым. Бірақ үйден артынан өзіме деп сақтаған азын-аулақ ақшаларым да жоғала бастады. Оны сұрасам, күйеуім ұрып-соқты. Ол қыдырып, үйге таң ата келетін. Қайда болғанын сұрасам, ашуланып, таяқтың астына алды", - дейді ол.

Күйеуінен қорлық көрген Альбина қазір облыстық перинаталдық орталықта жатыр. Аяғы ауыр келіншекті күйеуі бірнеше рет ұрып, ауруханадан бір-ақ шығарған. Бұған дейін ол ауыр соққыдан басынан да жарақат алған да көрінеді.

Бұл жолы оны күйеуі ішінен теуіпті. Осының кесірінен жас ана перзентханада айы күніне жетпей босанып қалған. Ал шала туған шақалақ үш күннен соң шетінеп кетіпті.

Дәрігерлер 20 жастағы келіншектің перзентханаға қансыраған күйі жеткізілгенін айтады. Сондықтан оны жедел түрде кесір тілігін жасап, босандырып алуға мәжбүр болыпты. Ал қарқынды терапия бөліміне жатқызылған нәрестенің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Қазір баласынан айрылған келіншектің денсаулығы түзеліп келеді. Жақын күндері перзентханадан шықпақшы.

"Мен де біреудің қызымын ғой. Үйде менің сөзімді сөйлейтін, жақтасатын ешкім болмады. Қол жұмсағаны ештеңе емес. Жеті ай бойы қаншама стресс алдым. Ешкімге шағымданған емеспін. Арыз да жазбадым. Мүмкін қатесін түсініп, түзелер деген едім. Бірақ ауруханаға енем де, күйеуім де келмеді. Денсаулығымды құрттым. Енді үйге қайтып барғым келмейді", - дейді ол.

Өз жарынан қорлық көрген келіншек енді сотқа ажырасуға арыз жазбақшы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
7
12
0
6
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel