RU
"Күн сәулесі қыздырмаған" әкімдерге сөз берген Сағынтаев министрмен әзілдесті
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Күн сәулесі қыздырмаған" әкімдерге сөз берген Сағынтаев министрмен әзілдесті

Рассказать Вконтакте

Үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев сөзді "күн сәулесі қыздырмаған" әкімдерге беріп, министрлерді бір күлдірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сағынтаев

Бақытжан Сағынтаев

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов үкімет отырысында бюджеттің атқарылуы бойынша баяндама жасаған еді.

"Жергілікті бюджеттердің шығысы 511 млрд теңгеге игерілді. 29 млрд теңгеге орындалмады. Алайда осы айда үш өңір көш басында тұр. Қостанай облысы 99,9 пайызға, Солтүстік Қазақстан 99,5, Павлодар 99,2 пайызға игеріп отыр. Мұның бәрі тиісті іс-шаралар қабылдағанның арқасында жүзеге асты.
Бірақ басқа облыстар, әсіресе оңтүстік және батыс өңірлердегі әріптестер, осы көктемнің сәулесімен жылынып, жаңағы айтылған әріптестерін қуып жетуге тырысады деп ойлаймын", — деді Сұлтанов.

Министрдің күн сәулесі туралы әзілі Сағынтаевқа ұнаса керек, сөзді бірден іліп әкетті.

"Онда Бақыт Тұрлыханұлы айтқандай, күн сәулесінің шуағы қыздырмаған әкімдерден бастайық", — деп бір күлдірген премьер сөзді Астана әкімі Әсет Исекешевке берді.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel