RU
13 млрд теңгені игермеген Біртанов премьер-министрден сөз естіп қалды
Жаңалықтар Қоғам

13 млрд теңгені игермеген Біртанов премьер-министрден сөз естіп қалды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Үкімет отырысында премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың жұмысын сынады деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Премьер-министр 13 млрд теңгені игермеген Біртановты сынның астына алды

Премьер-министр 13 млрд теңгені игермеген Біртановты сынның астына алды

«Денсаулық сақтау министрлігі 13 млрд теңгені игермеген. Елжан Амантайұлы (Елжан Біртанов, Денсаулық сақтау министрі – автор), дәрілер алынбай жатыр. Наурыз айының ортасына келдік. Ал халыққа әлі дәрі жетпей жатыр. Бұл мәселені қалай шешесіздер?» - деді Үкімет басшысы.

Осы орайда Елжан Біртанов мұндай мәселенің бар екенін жоққа шығармады.

«Қазіргі таңда 94% дәрі-дәрмек сатып алынды. Жалпы өңірлерге 85% дәрі жеткізілді. Қалған дәрілерді сатып алу үшін біз тиісті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Жалпы өңірлерге қажетті дәрілер жеткізілген», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Кейін ол игерілмеген қаржы мәселесіне тоқталды.

«Ал игерілмеген 12 млрд теңгеге тоқталайын. Оның 10 млрд теңгесі медициналық қызметтерді төлеу комитетінің желтоқсан айындағы яғни соңғы екі аптадағы ақшаларының уақытында төленбеуімен байланысты. Қажетті нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты оларға ақша кішкене кешіктіріліп төленді», - деді Елжан Біртанов.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір