RU
Америкалық бойжеткен шіркеу алдында өз көздерін ойып тастады
Жаңалықтар Әлемде

Америкалық бойжеткен шіркеу алдында өз көздерін ойып тастады

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Каролина тұрғыны Жер шарын құтқармақшы болып, өз көздерін өзі ойып алған. Оқиға кезінде бойжеткеннің есірткі әсерінде болғаны анықталды деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

20 жастағы студент өз көздерін дәл шіркеу алдында ойып алған. Оның бұл қадамына есірткі әсер еткен көрінеді.

Кейли Мутхарт жоғарғы сынып кездерінен ішімдік ішіп, есірткіні қолдана бастаған. Алайда, мектеп бітіре сала метамфетаминге көшеді. Осы химиялық қоспа оны әлемді құтқаруға итермелесе керек.

«Менде қатты елестеушілік болды. Сол себепті көп нәрсе есімде жоқ. Алайда, әлемді құтқару үшін маңызды нәрсені құрбандыққа әкелу керек деп ойладым. Сол сәтте көзіміді жұлып алмасам, бүкіл әлем жойылып кететіндей сезінді маған»,- дейді ол.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Қыздың айқайын естіген адамдар шіркеу ішінен атып шықты. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем келгенге дейін бойжеткен көздерін қолында ұстап отырған. Олар әлі де басынан ажырамаған қалпында болды. Дегенмен де, дәрігерлер қыздың көру қабілетін құтқара алмады.

«Саусақтарымды тығып, көздерімді айналдыра жұлып шығарғаным аса ауыр арпалысқа ұқсап кетті. Мен мүлдем қан көрген жоқпын. Тіпті ештене сезбей қалдым», - дейді бойжеткен.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Ауруханада Кейлидің биполярлық психикалық ауытқуы бар екені расталды. Оқиғадан кейін, шамамен бір ай көлемінде ол аса қатты бас ауруынан зардап шекті. Кейли организмнің өздігінен күресуін қалап, ауруды қойдыртатын дәрі-дәрмектерден де бас тартты.

Енді бойжеткен есірткі атауын мүлдем ұмытқан. Ол өмірінің жаңа парақшасын дұрыс жолмен бастағысы келетінін айтады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
4
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір