Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байдың қызына «тиіп алған» жігіт өз құпиясын жайып салды

Опубликовано:

Астанаға күнкөрістің қамымен барған жігіт қалай өзінің «ұзатылып» кеткенін түсінбей қалған. Байдың қызына көңілі кеткен азамат, ақыры нәзік жанды арудың етегінен ұстаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото мужчина. Фото: gigazine.net
Фото мужчина. Фото: gigazine.net: UGC

Жеңісхан Асылханұлы есімді желі қолданушысы «Қазір қызды алғаннан, оған тие салған оңай» деген пікірде. Қуықтай бөлмені жалға алатын оның бұдан басқа амалы да қалмаған.

«Астанада үмітің балғамен,арманың балта,тістеуік пен байланысып жатады. Кей кезде өгіз мініп, отын тасығың келеді. Кей кезде ат мініп, қой баққың келеді. Астана бейнеттің қаласы. Мұқтаждықтан, жоқшылықтан қолыңа құрал-сайман ұстайсың. Бейнетсіздік Астанада аштан өлтіреді. Астанада бейнетсіз өмір сүретіндер, аяқтары аспаннан салбырап түскен, көпшіліктің асына тік қасық болған халық қалаулылары шығар. Олардан басқа адамдар таң атқаннан кеш батқанша «жұмыс» деп, омақаса құлап жатады. Астанада құрылыс жұмысын кәсіп еткен бір қауым ел бар. Сол елдің арасында менде күнделік нанымды тауып жеп, өлместің күнін көрем. Бүгін мол дастарқанын жайып, шалқып жүрген бір байдың үйіне батысша әрлеу жұмыстарын жүргізетін болдым», - деп бастады оқиғасын ол.

«Жұмыс барысында менің назарымды байдың қызы бөле берді. Астанада жалдамалы үйде тұрып жатқан жігіт үшін байдың қызы қол жетпейтін баспана, жеткізбейтін арман. Құрылыста жүріп соншалықты әдепсіз, соншалықты тұрпайы болып кеткем. Ауыр жұмыс адамды шаршатады. Боқтамай іс бітпейді. Байдың қызы үшін барынша әдепті, барынша сыпайы болуға тырысамын. Сөйлесе жүріп, байдың қызының жүрегін жауладым. Сонымен араласа жүріп айырылыспастай өмір сүруге келісті. Енді егіз қозыдай тату - тәтті күн кешеміз. Мен басында бөркі бар ержігітпін. Ар - намысы бар ермін, ез емеспін. Мен сені аламын», - деген Жеңісханға сүйгені басқаша жауап беріпті.

Өзінің бай-бағланмен байланыс жасайтынын айтқан ол, сүйіктісінің жалдамалы пәтерін менсінбеген.

Фото мужчина. Фото: gigazine.net
Фото мужчина. Фото: gigazine.net: UGC
«Мен жуандармен алыс - беріс жасаймын. Сенің сиыр қора секілді жатағыңда ол қалай болады? Мен атақтыларға өз қолымнан дәм - тұз татырам. Басымызда баспана жоқ. Есілдің жағасындағы көр тышқанның ініне апарып оларға дәм - тұз татырамын ба? Ешқандай жағдайың жоқ. Сен мені алмайсың, сен маған тиесің еркек басыңмен», - деп жауап беріпті ару.

«Жерге кезекке тұрғалы он жыл. Кезек болса жылжымады. Жердің жарығын бітердей тынымысз еңбек етсемде алақандай жерге қолым бір жетпеді. Жер алып, үй салмаған ер жігіттің қолынан күңкілдегеннен басқа не келсін? Қыздың сөзі кесімді сөз. Астанада байдың қызын алғаннан,тиген оңай. Мен осылай бір қызға тиіп, ұзатылып кеттім», - деп құпиясын жайып салған жігіт, сөзін аяқтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1721313-bajdy-kyzyna-tiip-algan-zigit-z-kpiasyn-zajyp-saldy/

pixel