RU
Әйелінің атынан қыруар несие алған полицей ақыры оны өлтіріп тынды
Жаңалықтар Әлемде

Әйелінің атынан қыруар несие алған полицей ақыры оны өлтіріп тынды

Рассказать Вконтакте

Манчестер қаласының тәртіп сақшысы өз әйелін қылқындырып өлтіріп, оның денесін қылмыскер жақын маңдағы өзенге лақтырып жіберген деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

103 мың еуро көлемінде қарызға кіріп кеткен Даррен Макки өзінің Лиэнн атты әйелін өлтіріп кетті. Алайда оның қылмыстан кейінгі әрекетін түсіну қиынға соғады.

Лиэннің өмірін қыршыннан қиған ол артынан түк болмағандай балаларын мектепке апарып, кешкі аспен тамақтандырған. Оған қоса, болған жағдайға қарамастан Даррен әйелінің ұялы телефонына хабарламалар жіберуді доғармапты.

Қылмыскердің мұндай қадамға баруына қаржы мәселесі түрткі болған көрінеді. Белгілі болғандай, Лиэнн күйеуінің үлкен қарызға кіріп кеткенін сол күні біліп қойған.

Оған шыдамаған Даррен әйелін қылқындыруға кіріседі. Лиэннің денесін ол балалары ұйықтап қалған соң, жақын маңдағы өзенге тастап жібер.

Сот барысында белгілі болғандай, отбасы қаржы есебінен үлкен күйзеліске ұшыраса керек. Аса қымбат үйді сатып алып, оны күрделі жөндеуден өткізу кезінде олар қарызға белшеден батқандарын аңғармай қалды.

Бұл жағдайды әйелінен жасыруға тырысқан Даррен оған айтпай несиеге 26 өтініш жіберіп қойған.
Фото: life.ru

Фото: life.ru

Шындыққа көзі жеткен Лиэнн күйеуінен «Бізде бәрі дұрыс па? Өтінем, айтшы! Мен алаңдап отырмын» деген хабарлама жібереді. Оған Даррен «Маған сен!» деп жауап қайтарған.

Алайда, Лиэннің сенген күйеуі оның атына 54 мың еуроға несие алған. Мұны біліп қойғаннан кейін ашынған әйел Дарренге «өтірікші» деген хабарлама жолдаған. Бұл оның соңғы жазбасы болыпты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
3
7
2
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel