RU
Сахнаға шашын тықырлап, ұзын етекпен шыққан Төреғали тағы да сынға ұшырады (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Сахнаға шашын тықырлап, ұзын етекпен шыққан Төреғали тағы да сынға ұшырады (видео)

Рассказать Вконтакте

Сахнада жасаған әрекеті үшін біраз сынға іліккен Төреғали қайтадан концерт өткізе бастады. Әншінің бұл жолғы образы көпшіліктің көңілінен шықпады деп хабарлайды NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі. Фото: Скриншот

Төреғали Төреәлі. Фото: Скриншот

Сахнаға етегі ұзын, қызыл шапан киіп шыққан Төреғали Төреәліні бірі жақтап жатса, бірі даттауда. Залдағы көрерменнің қошеметіне қарамастан, әншіні сынға алғандар да бар.

«Құдайым-ау. Түрі не болып кеткен? Жындыханадан шыққан секілді», «Не киіп алған?», «Бузоваға еліктеп жүр ме?», «Тағы не шығарып жүрсің?», «Ерігіп шашыңды алдың ба?» деп жазды олар.

Ал екінші топ Төреғалидың қажылықтан келгенін айтып, сүйікті әншілерін ақтап алды.

Айта кетейік, әнші осыдан біраз уақыт бұрын шу шығарып, концертіне келген қарияны залдан қуған болатын. Оның бейәдеп сөздерін тыңдармандар видеоға түсіріп алған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
65
15
8
4
1
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір