RU
7 пайыздық ипотека қай кезден бастап беріле бастайды?
Жаңалықтар Қоғам

7 пайыздық ипотека қай кезден бастап беріле бастайды?

Рассказать Вконтакте

Қазіргі кезде мемлекеттік органдар мен банктер "7-20-25" бағдарламасын пысықтап жатыр. Дегенмен, Ұлттық банк арзан ипотеканы беру мерзімін белгілеп қойды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

"7 проценттік ипотеканы беру жұмыстары шамамен жылдың ортасында басталады. Маусым айының аяғына дейін барлық құқықтық-ұйымдастырушылық шараларын аяқтаймыз деген жоспар бар. Содан шілде-тамыз айларында банктер арзан ипотеканы беруді бастайды", - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков.

Оның айтуынша, жаңа бағдарлама аясында жаңадан құрылатын компания банктерден ипотекалық несиелерді сатып алады да, жылдық мөлшерлемені 7 пайызға дейін түсіреді.

Ал несиені алған азаматттар барлық төлемдерін банкке жасай береді.

Айта кетейік, мемлекет басшысы ұсынған "7-20-25" бағдарламасының негізгі шарты мынадай: несие өсімінің мөлшерлемесі жылына 7 пайыздан, бастапқы жарнасы 20 пайыздан аспайды. Несие мерзімі – 25 жылға дейін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
1
2
18
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір