RU
Ақтөбеде мектепке кіре алмаған орамалды оқушылар Шымкент пен Алматыға көшіп кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде мектепке кіре алмаған орамалды оқушылар Шымкент пен Алматыға көшіп кеткен

Рассказать Вконтакте

Бүгін Ақтөбеде журналистерге баспасөз мәслихатын өткізген дін және білім басқармасының басшылары мектептерде оқу жылы басталғаннан дау болған орамалды оқушының бүгінгі жағдайын баяндады.

Көрнекі фото: Vg-news.ru

Көрнекі фото: Vg-news.ru

Ақтөбе облысында оқу жылының басында мектепке орамалмен келетін 396 оқушы болған. Қазір олардың ішінде мектеп формасына бағынбай отырған 72-сі ғана қалды. Мектептің ішкі тәртібіне бағынбаған 18 ата-анаға 5 АЕК ретінде айыппұл салынған.

"Мектеп формасын сақтамаған 32 оқушының 10-ы Алматы қаласына, қалғаны Шымкент өңіріне көшіп кетті. Қазіргі уақытта екі тоқсан бойы сабаққа қатыспаған оқушылардың класстан классқа көшірмеу мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы білім министрлігіне хат жолданды, жауап күтіп отырмыз", - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Аманжолқызы.

Облыстық дін істер басқармасының басшысы да мектепте форма сақталу керек деген пікірде.

"Дәстүрімізде бесіктен белі шықпаған бала орамал тағады деген сөз жоқ. Исламда парыз. Балиғат жасқа толған балалар мектепте екі жыл ғана өмірін өткізеді екен. Баланың иманын сақтау отбасындағы тәрбиеге байланысты. Иманды қанына сіңіріп өскен қыз бала мектепте 5-6 сағат орамалсыз жүрсе имандылықтан алыстап кетпейді", - дейді дін істер басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
4
0
1
2
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel